Энергетика министрі: Балқаштың маңына АЭС-тің 6 блогын салуға болады
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімі қысқаруы мүмкін екенін айтты.

- Қазір арнайы комиссия алдын ала жұмыстар жүргізіп жатыр. Технологиясына байланысты ғой. Әрине, тіпті қазір оны кез келген дерге қоюға болады. Қазір үлкен ашық су қоймасы болу керек деген сияқты талап жоқ. Құрғай тәсілмен суытатын суық грейдерлер қолданыла бастады. Сондықтан елдегі электр желісін топографиясына, қауіпсіздік мәселесіне қарап шешім қабылдаймыз.
Жуық арада ұсыныстар береміз. Бізге 2050 жылға дейін ядролық кластердің жобасын әзірлеу туралы тапсырма берілді. Мысалы Балқаштың маңына 6 болкқа дейін орнатуға болады.
Курчатов, Ақтау сияқты алаңдар да бар. Батыс Қазақстан да, Шығыс Қазақстанда бар. Батыс дегенде Каспидің маңын айтып отырмыз, - деп нақтылады.
Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді.