Энергетика министрі моноқалаларға газ тарту жоспарына түсінік берді

моноқала
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру жүйесінде тарифтерді көтеру қажет екенін айтты.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрден еліміздегі моноқалаларға не себепті газ тартылмағанын сұрады.

«Бұл тұрғыда елді мекендерде инфрақұрылым тарту мәселесі бар. Атап айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екіншісі желісін тарту ескерілген. Оның құны 2,7 трлн теңге сомасында бағаланған. Газ жобалары құрылысына жүздеген миллиард теңге қажет. Яғни, бұл ауылдарға газ инфрақұрылымы жеткен бойда, желіге қосылады. Жалпы, газ саласын дамыту жоспары бар. Өңірлер жүйелі түрде қамтамасыз етіліп келеді. 2032 жылға дейін осы жұмыстар іске асырылады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Былтыр «Бейнеу - Бозой – Шымкент» газ құбырының 2-желісі салынатыны жарияланды. 

Биыл ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. 

Президент газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар