Энергетика министрі мұнай өңдеу зауыттарының Ресейге сатылатыны туралы ақпаратқа жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының Ресейдің «Лукойл» ж»не «Газпром» компанияларына сатылатыны туралы мәліметке жауап берді.

Алмасадам Саткалиев назначен министром энергетики РК
Фото:primeminister.kz

«Нақты сатып алушыға келсек, Энергетика министрлігіне ешкім мақұлдау алу үшін жүгінген жоқ. Сондықтан бұл жерде мен «ҚазМұнайГаз» пікірімен келісемін, қандай да бір коммерциялық келісім туралы айтуға ерте. Жалпы, өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» бен CNPC «50 де 50» қаиғдатымен иелік ететін мұнай өңдеу зауыты бар. Энергетика министрілігінің пайымынан қарасақ, бұл жерде меншік формасы ғана емес, басқару тиімділігі, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, тұрақты жұмыс басым бағытқа шығып тұр. «ҚазМұнайГаз» активтерін сатуға келсек, ол сол компанияның өз құзыретіндегі шаруа», - деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Сондай-ақ, ол Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіру мәселесі қайдан шыққаны туралы пікір білдірді. 

«Біріншіден, «ҚазМұнайГаздың» өзі де жеке меншік компания болып есептеледі. IPO қорытындысы бойынша компания акцияларының бір бөлігі айналымға шығарылған, сұраныс бар. Ол акциялардың иелері – Қазақстан азаматтары, Қазақстан кәсіпорындары. Яғни, компания онсыз да мемлекеттік кәсіпорын емес, жеке меншіктікі. Жекелеген зауыттарға келсек, біз коммерциялық ұсыныс болса, оның кәсіпорынға қаншалықты тиімді болатынына, қайта өңдеу саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тұрғысынан қарауымыз керек», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар