Энергетика министрі NCOC компаниясы қызметкерінің қазасы туралы пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін NCOC компаниясының бөлім басшысы болған Бибігүл Шпанованың кісі қолынан қайтыс болуына байланысты пікір білдірді.

Энергетика министрі
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Өкінішке қарай, бұл өте өрескел жағдай. Марқұмының отбасы мен жақындарына министр ретінде көңіл айтамын. Мен оны танымайтынмын. Бүгінгі таңда тергеу әрекеттері жүріп жатқанын білемін. Осы қылмысқа кінәлілер табылатынына, тиісті жолмен жазаланатынына сенімдімін. Қайғылы жағдай оның жұмысымен байланысты болды ма, жоқ па, ол туралы пікір білдіре алмаймын. Тергеу жұмыстары бәрін анықтайды деп ойлаймын. Бәлкім бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық болды ма, айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр, — деді Ерлан Ақкенженов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

Артынша Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген күдікті қамауға алынған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар