Энергетика министрі Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де кейінгі күндері жылжымалы айлақ қондырғыларында апат жағдайы байқалғаны туралы ақпараттар мен мәлімдемелер айтылды. Бізде ондай 3 айлақ бар. Соның үшіншісінде апат болып, жұмыс толық тоқтады. Екінші айлақта да ақау бар, жұмысында іркілістер болды. Оны да ажыратты. Бірінші айлақ та жағдай зерттелгенше қауіпсіздік мақсатында ажыратылған болатын. Бұл - біздің мұнай кеніштері бірнеше күн резервуарға сүйеніп жұмыс істейді деген сөз. «Новороссийск» портындағы жылжымалы айлақ қондырғыларындағы жөндеу жұмыстары созылып кетсе, біздегі үш ірі мұнай кенішінде мұнай өндіру көлемі қысқаруы мүмкін», - деді Болат Ақшолақов.

Энергетика министрінің сөзіне қарағанда, аталған үш айлақтың біріне дауыл кезінде зақым келмеген болуы мүмкін.

Бұл Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз кеніштерінен мұнай өндірушілердің жағдайын жеңілдетеді.

«Кеше біз Каспий құбыр консорциумындағы әріптестерімізбен техникалық консултация жүргіздік. Бүгін таңертең айтылған ақпарат бойынша №1 жылжымалы айлақ қондырғысы жұмыс істеп кетуі мүмкін. Бүгін танкерді жанастырып бастайды. Бұл бізді мұнай өндіруде жоғалтатын мүмкіндіктерден құтқарады. Сондықтан дауыл басылып, №1 айлақ жұмысқа қосылып, танкерлер мұнай тиеуге жіберіледі деп үміттенеміз. Ал №2, 3 айлақтарда әріптестеріміз 3 апта ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтайды деген үміт бар», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар