Энергетика министрілігі есептердің бәрін электрондық жүйеге ауыстырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесі автоматтандырылған жүйеге көшуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрілігі есептердің бәрін электрондық жүйеге ауыстырады

«Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесін автоматтандыру, лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын одан әрі мониторингілеу, есептілікті электрондық форматқа толық көшіру жоспарланып отыр», - деді Жанат Жахметова.

Министрлік өкілі аталмыш жүйе 2014 жылдан бастап жұмыс істейтінін еске салды.

Жер қойнауын пайдаланушылар есепті осы жүйе арқылы беріп келеді. Бүгінде жүйеде 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.