Энергетика министрлігі бензиннің қалыпты бағасын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден бензин импорттайтын компаниялар үшін 151-155 теңге (АИ-92 бензині) орынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақстан бойынша шығарылатын өніміміз биылғы тоғыз айда 12 пайызға өсті, яғни 194 мың тонна бензинді артық шығардық. Соған қарамастан, тұтыну көлемі де артты, тоғыз айда 154 мың тоннаға жоғарылады. Енді жаз айларында Ресейде Қазақстанға сатып отырған бензин бағасы шекарада 517-ден 555 долларға дейін өсті», - деді Ә.Мағауов.

Оның сөзіне қарағанда, келісімшартқа отырғанда ресейлік компаниялармен жанармай құны доллармен бекітіледі.

«Үш айдың ішінде доллар бағамы 312-ден 340 теңгеге дейін, яғни 16 пайызға өсті. Бұл бағыттағы факторлар компаниялардың шығынын көбейтіп, осының салдарынан жанар-жағармай құю стансаларында бағаны өсіруге мәжбүр болады. Қазіргі таңда біздің есебіміз бойынша толықтай РФ-тен импорт жасап, бензин сатып жатқан компанияларда литріне 151-155 теңге (АИ-92 бензині) баға орынды деп санап отырмыз. Ары қарай Ресейдегі бағаға, сондай-ақ біздің теңгенің құнына байланысты болады», - деді вице-министр.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум