Энергетика саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту қажет - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетика саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту қажет. Бұл туралы бүгін елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Энергетика саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту қажет - Н.Назарбаев

«Энергетика саласындағы меншікті ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу, мамандарды оқыту әрі дайындау үшін жағдайлар жасау қажет. Мұнымен бейінді министрліктер, университеттер, Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы мен инвесторлар белсенді айналысуы тиіс. Бұл мәселеде Шетелдік инвесторлар кеңесі өз үлесін қоса алатындығына сенімдімін», - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен өтетін кеңесші-консультативті орган болып саналады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Елдің инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының басты аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кеңестің басты міндеті саналады.