Энергетика тұтыну көлемі таяу жылдары жылына 4-5 пайызға өсуі мүмкін - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанды энергетикамен 100 пайыз қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің 7 пайыздық өсімінде энергетика тұтыну таяу жылдары жылына 4-5 пайызға артпақ.
None
None

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электрэнергетика нарығын дамыту басқармасының сарапшысы Ғазиза Қатранова бүгін Алматыда өтіп жатқан Инвесторлар мен кредиторлар клубының 6-отырысында осылай мәлім етті.

"Елімізде энергия тапшылығын болдырмау үшін жыл сайын 600 МВт жаңа қуат көзін салып, жыл сайын 500 МВт-ты құрайтын жұмыс істеп тұрған қуат көздерін оңалту керек. Бұл үшін алғашқы 5 жылда жыл сайын 300 миллиард теңгеден, ал одан кейін жылына 200 миллиард теңге немесе 2 миллиард доллар инвестиция қажет", - дейді Ғазиза Серікқызы. Оның айтуынша, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі энергетика саласын дамыту үшін кейбір заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын жасады. Ол саланы дамытуға тосқауыл болып тұрған барлық түйткілді мәселелерді шешетін болады.

Соңғы жаңалықтар