Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі күкіртті жою мерзіміне байланысты «Теңіз-Шевройлмен» келісімге келе алмай отыр

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі күкіртті жою мерзіміне байланысты «Теңіз-Шевройл» компаниясымен келісімге келе алмай отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі күкіртті жою мерзіміне байланысты  «Теңіз-Шевройлмен» келісімге келе алмай отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстандағы күкірт мәселесі негізінен «Теңіз-Шевройл» компаниясымен байланысты. Бұл нысандағы күкірт көмкерген картаны қарастырсақ, оның көлемі 8 млн. тоннаны құрайды. 2008 жылы осы күкіртті сату 2-3 млн. тоннаны құрады, сондықтан факті бойынша Қазақстандағы сақтаулы күкірттің көлемін осыншама қысқарып айта аламыз. Сонымен бірге, соңғы уақытта күкіртке әлемдік бағаның түсіп кетуі жағдайы болды, бірақ «Теңіз-Шевройлға» бұл сылтау болмауы тиіс және сақталып тұрған күкіртті азайту міндеттемесі толық жүзеге асуы шарт», деді министр С. Мыңбаев. Оның айтуынша, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ұстанымы бойынша «Теңіз-Шевройлға» қатысты күкірт картасы 2014 жылға қарай жойылып бітуі тиіс. Бірақ, «Теңіз-Шевройл» бұл мерзімді 2017 жылға дейін ұзартуды қалайды. «Сондықтан да күкіртті жою мерзіміне және ағымдағы көму мәселелеріне арналған келіссөздер әлі де аяқталмай отыр», деді С. Мыңбаев.