20:01, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Энергия көздерінің және кен-металлургия өнімдерің әлемдік бағасы қалпына келген кезде теңгенің бағамы нығаятын болады - Елбасы
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Энергия көздерінің және кен-металлургия өнімдерің әлемдік бағасы қалпына келген кезде теңгенің бағамы нығаятын болады.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Теңгенің бағамы үшін алаңдайтындарға мынаны айтқым келеді: энергия көздерінің және біздің кен-металлургия өнімдерінің бағасы қалпына келген кезде теңгенің бағамы нығаятын болады. Экспортшыларымызды қиын жағдайда қалдырмас үшін біз әлі теңгенің бағамы қатты нығайып кетпеуі үшін шаралар қабылдайтын боламыз», деді өз сөзінде Н. Назарбаев.