Энергия тиімділігіне қатысты қабылданған шаралардың арқасында қазақстандықтар 11,6 млрд. аса қаражат үнемдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы энергия тиімділігіне қатысты қабылданған шаралар тұтынушыларға 11,6 млрд. асатын қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.
None
None

«Өткен жылы энергия тиімділігіне қатысты қабылданған шаралар тұтынушыларға 11,6 млрд. асатын қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде нормативтік шығындар төмендетілді. 2006 жылдан бастап олардың деңгейі жартылай қысқарды», - деді М. Оспанов. Агенттік төрағасының мәліметінше, 2012 жылғы қорытынды бойынша инвестиция сомасы шамамен 209 млрд. теңгені құрады, 2013 жылы - 230 млрд. теңгеге жуық болды. Инвестициялар көлемін арттыруға әрбір монополистің инвестициялық бағдарламаларды дайындау және іске асыру міндетін белгілеу арқылы қол жеткізіледі. Тарифтерді бекіту үшін инвестициялық бағдарлама - міндетті шарт болып табылады. Оның айтуынша, агенттік активтер тозуын, нормативтік шығындарды, отынның үлестік шығысын және жабдықтың энергия сыйымдылығын төмендету сияқты инвестициялық бағдарламалар индикаторын белгілейді. Ал белгіленген индикаторларға қол жеткізілген жағдайда ғана инвестициялық бағдарламалар қабылданады және орындалды деп саналады.

Соңғы жаңалықтар