«Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасына 1 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда - Үкімет

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы қабылданды.

«Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасына 1 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда - Үкімет

Атап айтқанда бағдарлама аясындағы шаралардың жоспары 1 182214144 мың теңге көлемінде 78 шараны қарастырады. Республикалық бюджеттен 145624 мың теңге, жергілікті бюджеттен 9 830936 мың теңге, сондай-ақ бюджеттен тыс қаржы көздерінен 1 177153052 мың теңге тартылмақ.

Атап айтқанда, бағдарлама тиісті мемлекеттік органдар тарапынан, өңірлердің барлық әкімдіктерімен, «Самұрық Қазына» қорымен, тіркелген ұйымдармен келісілді.

«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өкілетті орган ретінде отандық экономиканың энергия тиімділігін арттыру үшін барлық қажетті талаптарды құрды. Енді барлық тиісті мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер мен кәсіпорындар энергия үнемдеу саясатын белсенді жүзегеасыруды бастауы тисі», - деді бүгін Үкімет отырысы барысында аталған ведомствоның вице-министрі Нұрлан Сауранбаев.