13:34, 07 Ақпан 2009 | GMT +5
Энергияны тұтынудың нормативтері бекітілді ? ҚР Үкіметінің қаулысы
АСТАНА. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі энергия тұтынудың нормативтерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Жолдауларын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың басты бағыттарын орындау жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы» №319 қаулысын және ҚР Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру мақсатында энергия тұтыну нормативтері бекітілді. Бұл қаулы алғашқы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.