Энергоүнемдеу бағдарламасын енгізу қажет - ПИК қауымдастығының төрағасы

СТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жылу және энергожелілердің өндірістік активтерін жаңартуға және энергоүнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған бағдарлама әзірлеу қажет. Республикалық ПИК қауымдастығының төрағасы Динара Әбдірахманованың бұл ұсынысы Астанада «Нұр Отан» ХДП-нің қалалық филиалында энергоүнемдеу жүйесінің дамуы тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуда оның ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. Оның айтуынша, бұл міндетті электр энергиясымен қамтамсыз етуші компаниялар және жергілікті билік органдары бірлесіп атқаруы тиіс. Және онда ескірген тұрғын үй қорының энергожелілерін қайта жаңарту жұмыстары көрініс табуы керек.

«Электр желілері жаңартылған әрбір тұрғын үйден электр энергияның 15 пайыздық үнеміне қол жеткізуге болады», деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар бүгінгі таңда жылу энергиясын ысырап етпеу үшін тұтынушыларды есептеу құралдармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отырғандығы сөз болды. «Жылу есептеу және баптап отыратын құралдар жылуға жіберілген 20-27 пайыз энергияның үнемделуіне септігін тигзеді. Соған байланысты осындай құралдарды орнату жұмысын қаржыландыруды келесі жылғы «Жол картасы» бағдарламасына енгізуді ұсынамын», дейді Д. Әбдірахманова.

«Нұр отан» ХДП-нің Астана қалалық филиалы дөңгелек үстел жиынында энергоүнемдеу жүйесінің дамуы, негізгі мәселелері төңірегінде қозғалған ұсыныстарды жинақтап, тиісті органдар мен тараптардың қарауына жіберуді көздеп отыр. Жиында елорданың мәслихат депутаттары, ПИК өкілдері, жергілікті органдар және БҰҰ-ның Даму бағдарламасының өңірлік өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар