Енисей өзенінде бөлінген мұз үстінде қалып қойған екі адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің ТЖМ құтқарушылары Енисей өзенінде бөлінген мұз үстінде төмен қарай ағып бара жатқан екі адамды құтқарды.
None
None

Бұл туралы ТЖМ Краснояр басқармасының ресми өкілі Елена Ястребкова хабарлады.

РИА Новости деректеріне сәйкес құтқару жұмыстары әуеден арнайы жабдықтың көмегімен жүргізілді.

«11:15-те олар бортқа көтерілді», - деп атап өтті Ястребкова. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Енисей өзені арқылы өтпекші болған олар бөлінген мұз үстінде қалып қойған.

Соңғы жаңалықтар