Еңселі ел, мерекеңмен! - оқушылар мен түлектер тілегі
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордада жоғары сынып оқушылары арасында ашық хатқа ел тәуелсіздігің 20 жылдығымен құттықтау жазу акциясы өтеді, деп хабарлады Қазақстанның Азаматтық альянсы.
Бүгін мектеп оқушылар мен түлектеріне әдемі безендірілген ашық хатқа құттықтау жазып, оны өздерінің туыстары мен жақындарына жіберу мүмкіндігін алады. «Бүгінгі мектеп оқушылары, түлектер тәуелсіз, егемен Қазақстанда дүниеге келген 15-17 жастағы ұл-қыздар. Олар өз елімен бірге өмір сүрді, білім алды, дамыды. Қазақстанның барлық сәттіліктері мен жеңістерінің куәсі болды. Бүгінгі мектеп оқушылары мен түлектер - біздің ертеңгі болашағымыз. Сондықтан да біз өзіміздің акциямызды бастадық», - дейді шараны ұйымдастырушы Ирина Бобкова.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусымында ғана Азаматтық альянс бүкіл Қазақстан бойынша кемінде 100 мың ашық хат таратуды жоспарлап отыр.