«Еңселі мешіт ел игілігі үшін» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 30 желтоқсан, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакспен оның өтініші бойынша кездесті. Кездесуде ОСК төрағасы АҚШ елшісін Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттары сайлауына әзірлік барысымен таныстырды. «Ортсайлауком басшысы атап өткендей, саяси партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстары құқық аясында және сайлауалды үгіт шараларының заңнамамен көзделген барлық нысандарында жүріп жатыр. Тек Жаңаөзен қаласында ғана төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар бұқаралық көпшілік шараларды өткізуден бас тартуы және олардың орнын БАҚ-тар мен көрнекі үгіт нысандарын белсендірек пайдалану есебінен толтыруы тиіс», - деп жазады басылым. Мақала «АҚШ елшісімен кездесті» деген тақырыппен берілген.

«Ұлан ауданының ор­та­лығы - Қасым Қай­се­нов атындағы кентте ел есінде қалатындай елеулі оқиға болды. Осы ауданның тумасы, ауған соғысының ардагері, таяуда ғана кәсіпкерлікті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған, алдыңғы жылы Елбасының қолынан «Парыз» сыйлығын алған Қайрат Мусин өз қаржысына соққан, ішіне 500 адам еркін сыятын еңселі мешітті жерлестеріне сыйға тартты», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санындағы «Еңселі мешіт ел игілігі үшін» деген тақырыптағы мақаласында. Мешіттің ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ауған­станда Қ.Мусиннің командирі болған еліміздің біртуар аза­ма­ты, «Халық Қаһарманы» Ба­қытжан Ертаев, Шымкент, Тараз, Семей, басқа қалалардан кәсіпкердің достары арнайы келіп, қуаныштарымен бөлісті.

***

«Кеше Әлеуметтік әріп­тес­­тік және әлеуметтік және ең­бек қатынастарын реттеу жө­нін­дегі респуб­ли­калық үш­жақ­ты комис­сия­ның отыры­сы өтіп, Қа­зақ­стан Үкіметі, қызметкерлердің рес­пуб­ликалық бірлестіктері және жұ­мыс берушілердің рес­публи­калық бірлестіктері арасындағы 2012-2014 жыл­дарға арналған бас келісімге қол қойылды», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, келісімге қол қоя отырып, тараптар «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасының не­гізгі бағыт­та­рын іске асы­руда, халықтың өмір сүру жағ­дайын жақсарту және жұмыс істейтін аза­мат­тардың әлеу­мет­тік қорғау деңгейін арттыру, әлеуметтік-еңбек қаты­нас­та­рын ұжымдық шарт арқылы реттеудің құқық­тық базасын жетілдіруге және ұжымдық еңбек дауларын ше­шу­дің тиімділігін арттыруға ба­ғытталған шара­ла­рды және Ха­лықара­лық еңбек ұйымымен бірлесіп Қазақстан Республи­ка­сындағы лайықты ең­бек ұлттық бағдар­ла­масын іске асыруда күш біріктіруге келісті.

***

«Комсомольская правда Казахстан» газетінің бүгінгі санында жарық көрген «Язык до суда доведет» деген тақырыптағы мақалада ҚР Бас прокуратурасы Жаңаөзен қаласының тұрғыны Алуаш Оңғарованы бұқаралық ақпарат құралдарына жалған ақпарат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға ниет танытып отырғандығы жайында баяндалған. «Бізбен бұрын кейбір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзінің келіні Шолпан Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде өлген 23 адамның көздерін жұмғанын мәлімдеген Унгарова Алуаштан жауап алынды. Дегенмен, анықталып, сұралған Өтекеева Шолпан Унгарованың сөздерін жоққа шығарды және өлгендердің көздерін жаппағанын, өзі тікелей 2011 жылғы 16 желтоқсанда қаза болған тек 3 адамды көргенін хабарлады. Сонымен қатар, ол Унгароваға келін болып келмейтіндігіне назар аударды», - деп атап өтті ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Соңғы жаңалықтар