13:37, 03 Мамыр 2010 | GMT +5
Энтони Лейк ЮНИСЕФ атқарушы директоры қызметіне кіріседі
АСТАНА. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекеттік және халықаралық қызметте 45 жылдан астам тәжірибесі бар Энтони Лейк ЮНИСЕФ атқарушы директорының лауазымына кіріседі, деп хабарлады ЮНИСЕФ бюросы БАҚ-қа арналған хабарламасында.
Ол бұл қызметке БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және ЮНИСЕФ атқарушы кеңесімен консультациялардан кейін тағайындалды. БҰҰ Бас хатшысы Лейк мырзаның «Құрама Штаттар үкіметінде ұзақ жылдар қызмет атқарып, бай тәжірибемен» келіп отырғанын атап өтті.
Энтони Лейк Гарвард колледжін және Пристон университетін бітірді және Вудро Вильсон атындағы мемлекеттік қызмет және халықаралық қатынастар мектебін бітіріп философия докторы ғылыми атағын алды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Колумбия округі Вашингтон қаласындағы Джорджтаун университетінде дипломатиялық практика профессоры қызметін атқарды.