ЕНУ-да «Еуразия дауысы» байқауы өтеді
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 17 ақпанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразия дауысы» байқауы өтеді, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.
«Еуразия дауысы» байқауында оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер өнерлі студенттермен қосылып қос дауыста ән айтады. Бұл байқау университетте тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Байқау мақсаты: студент жастардың рухани дүниеге тарту, шығармашылық әлеуетін арттыру. Сайысқа университет ректоры және проректорлар қатысады.