ЕО 2017 жылы Мальтада бейресми саммит өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ Мальтада Ұлыбританиясыз бейресми саммит өткізеді, делінген Братиславада 27 көшбасшының бейресми саммитінің қорытындысы бойынша «жол картасында».
«ЕО 27 мемлекетінің басшылары 2017 жылдың басында Валеттада (Мальта) бейресми саммит өткізеді»,-делінген хабарламада.
Бұдан бұрын ЕО басшылығына жақын дереккөз, еуродаққа мүше 27 мемлекет басшыларының келесі саммиті 2017 жылдың басында, шамамен қаңтар айында Валеттада өтуі ықтималдығын мәлім еткен еді.