ЕО арнайы өкілі: Қазақстан сенімді серіктес ретінде Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуда көш бастап тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азия бойынша Еуропалық одақтың арнайы өкілі Питер Буриан Қазақстан неліктен Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша көш басында тұрғанын түсіндірді.
Журналистердің сауалына жауап берген барысында: «Қазақстанның аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша көш бастап тұруына оның сенімді серіктес, аймақтағы мәселелерді шешуде халықаралық құқық принциптерін пайдаланатын серіктес бола алуы, БҰҰ және аймақтағы өзге де ұйымдардың жұмыстарына белсене қатысуы себеп деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.
П.Буриан бұл ретте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне айрықша назар аударды. «Бұл, әрине, өзгелерге үлгі болатын, оларға елдің жылдам дамуы үшін қандай маңызды реформаларды қалай жүзеге асыруға болатынын, қандай қадам жасау керектігін көрсете білген Мемлекет басшыларыңыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі», - деп қосты П.Буриан.