ЕО Бас елшісі: Brexit жедел әрі оңай болмайды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Brexit бойынша ЕО бас елшісі Мишель Барнье Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы тез әрі оңай болмайтындығын айтып, оның адамдар өміріне әсер етпейтіндігіне сендіру дұрыс емес деп есептейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі. 
None
None

«Кейбіреулер Brexit біздің өмірімізге айтарлықтай ықпал ете қоймайды немесе келіссөздер тез әрі оңтайлы аяқталуы мүмкін деген ой тудырып жүр. Бұл мүлде басқа жағдай»,- деді ол сәрсенбі күні журналистерге Brexit бойынша Ұлыбританиямен келіссөздер жөніндегі Еурокомиссияның нұсқауларын таныстыра отырып.

Бәрінен бұрын, оның айтуынша, Еуроодақ үшін тиімді болатыны континенттік Еуропадағы британдықтардың құқығы Ұлыбританиядағы азаматтар құқығымен тең болатындығы.

«Бұл өмір сүру құқығына ғана емес, сондай-ақ, еңбек нарығы, білім алу мүмкіндігіне, денсаулық сақтауға қолжетімділігіне, дипломдар мен мамандықтардың мойындалуына да қатысты. Бұл құқықтардың барлығы қорғалып, кепілдендірілуі керек», - деп атап өтті Мишель Барнье.

Бұдан өзге, Брюссель мен Лондон Еуроодақ құрамында қабылданған Ұлыбритания тарапынан барлық қаржылық міндеттердің орындалуы жөнінде келісім жасауы керек.

Еуроодақ сондай-ақ, Ирландия және корольдік құрамына кіретін Солтүстік Ирландияның арасында шекараның қалыптасуына жол бермеуге тырысады.

Ол Brexit бойынша келіссөздер 16 ай бойы жүргізілетінін болжайды. Сосын болашақтағы Ұлыбритания мен ЕО мүше қалған 27 ел арасындағы сауда қатынасын талқылауды жалғастырады деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар