20:36, 19 Наурыз 2020 | GMT +6
ЕО бас маманы коронавирус жұқтырды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуро Одақтың Brexit мәселелері бойынша мәмілегері Мишель Барнье COVID-19 коронавирусын жұқтырды. Бұл туралды ол бейсенбі күні Twitter-де мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің COVID-19 вирусына тапсырған тестім оң нәтиже көрсеткенін хабарлағым келеді. Менің жағдайым жақсы. Командам сияқты барлық қажетті нұсқаулықтарды ұстанамын», - деп хабарлады Барнье.
«Зардап шеккен, қазір оқшауланып жатқан барлығымыз бұл сынақтан өтеміз», - деп жазған 69 жастағы саясаткер.
Осы аптада Лондонда өтуі тиіс Ұлыбритания мен ЕО-ның алдағы қарым-қатынасына қатысты сауда келіссөздерінің кезекті кезеңі болмайтын болды.