ЕО бірыңғай еуропалық қорғаныс өнімін жасақтауда

БРЮССЕЛЬ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат. - Еуроодақ бірыңғай еуропалық нарық құрудың басталғаны туралы жариялады.
None
None

Бұл туралы ЕО көшбасшылары саммитінің бірінші күн қорытындысы бойынша Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлім етті.

Еурокомиссия басшысы атап айтқандай, Еуроодақ әлемдік аренада өзінің рөлін толық көлемде атқара алуы үшін Еуропаға қауіпсіздік және қорғаныс бойынша күшті және сенімді ортақ саясат қажет етеді.

Оның сөзіне қарағанда, үш бағыт бойынша жұмысты бастауға шешім қабылданды.

Біріншіден, ЕО қорғаныс өнімінің бірыңғай еуропалық нарығын қалыптастырмақ. Екіншіден, қорғаныс жүйелерінің әр түрлі элементтерін лицензиялау жүйесін құру қажет. Үшіншіден, азаматтық салада және әскери жұмыстар саласындағы жаңа ғылыми зерттеулерді жақындастыру үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қолға алады.

Соңғы жаңалықтар