ЕО Британияның Еуропалық Одақтан қалай шығатыны жайлы түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айының 23 күні өткен референдумда британдықтардың 51,9%-ы «брекситті» таңдауларына байланысты ЕО Британияның Еуропалық Одақтан шығу тәртібінің егжей-тегжейін түсіндірді, - деп хабарлайды Би-Би-Си.
None
None

ЕО мәлімдемесіне сай, Британия ЕО шығу тәртібі көрсетілген Лиссабондық келісім-шартының 50-ші бабын ресми түрде жүзеге асыру арқылы, яғни ЕО-дан шығу жайында не жазбаша, не ауызша хабарлауы тиіс.

50-бапты пайдаланған кезде  уақыт екі жылдық мерзімге созылады және бұл уақытта Британия ЕО-дан шығудың барлық ресми келіссөздерін  аяқтауы тиіс.

50-бапқа сай келіссөздер жүргізілген уақыттары Ұлыбритания ЕО-ның барлық жүргізіліп отырған заңдары мен келісім-шарттарының міндеттемелерімен тікелей байланысты болады.  Алайда, екі жыл мерзім өткеннен кейін Британияның ЕО-ға мүшелігі тоқтатылуы мүмкін.

Британия премьер министрі Дэвид Кэмеронның хабарлауынша, ол қазан айына дейін отставкаға кетіп, Еуропалық Одақтан шығу процедурасын қыркүйек айында өтетін Консервативтік партияның конференциясында сайланатын жаңа премьерге тапсырмақ. 

Жазбаша не ауызша

ЕО саясатының басымдылықтарын анықтайтын орган - Еуропалық Кеңестің өкілі сенбі күні 50-бапты іске қосу Британияның Еуропалық Одақта бастамашылық жасаған ресми процедурасы деп атап айтты.

50-бапты қозғау арқылы ЕК өкілі «Бұл шара 50-бапты іске асыру бойынша тиянақты жұмыс болу керек», - деді.

«Аталған шара ЕК-ке хат жазу арқылы немесе кездесудің ресми стенограммасында жазылған Еуропалық Кеңес отырысында ресми мәлімдеме жасалуы арқылы атқарылу тиіс», - деп қосты ЕК өкілі.

Германия Канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияның ЕО мүшелігінен шығуына байланысты жүргізілетін келіссөздерде ЕО Британияға дөрекілік пен тәкәппарлық танытпауы жайлы мәлімдеме жасады. 

Оның айтуынша, ЕО өзге елдердің шығуын тоқтату мәселесі Британиямен жүргізілетін келіссөздерде басымдылық танытпау керек.

Меркель «Шығу процесі ұзаққа созылмауы тиіс, алайда мен уақыт интервалын қысқартуды да көздемеймін», - дей отырып, Британиямен жүргізілетін келіссөздерде «жағдайдың ушықпауына» үміттенетіндігін айтты.

Референдумның қорытындысы британия нарығында қарқынды құлдырауларға әкеліп соқты, фунт 1985 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішті көрсетсе, жетекші компаниялардың акциялары арзандады.

Англия Банкінің басқарушысы Марк Карнидің мәлімдеуінше, референдумның қорытындысы қаржы нарығы мен түгелдей экономиканың құбылмалылығына акеліп соғуы мүмкін, алайда ағылшын орталық банкі бұған дайын.

Соңғы жаңалықтар