ЕО Эбола вирусына байланысты халықаралық конференция өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ Эбола вирусынан туындаған аурудың таралу жолымен күресуге арналған халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ЕО координаторы «Вельт» неміс газетіне берген сұхбатында хабарлады.

ЕО Эбола вирусына байланысты халықаралық конференция өткізеді

«Мен осы жылдың бірінші айларында эпидемияға қарсы халықаралық өкілдер жиналатын конференция өткізбекпін», - деді ол.

ЕО өкілі Христос Стилианидистің айтуынша, конференцияда нақты шаралар мен аурудың таралуын алдын алу үшін ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу жұмыстары талқыланады.

Стилианидис ЕО мүшелерін, көбірек медицина қызметкерлерін жіберуге және індеттен зардап шеккен елдерге қаржылай көмек беру мөлшерін ұлғайтуға шақырды.

Айта кетейік, 2014 жылдың соңына дейін вирустан 375 медицина қызметкерлері қаза тапқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Эбола вирусының құрбандарының саны шамамен 8 мыңға жетті.

Бұл туралы khabar.kz жазады.