ЕО Эболаға қарсы күрес үшін қаржыландыруды 1 млрд. еуроға дейін ұлғайтады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақ Африканың батысындағы Эбола вирусына қарсы күреске қажетті қаржылық көмекті 1 млрд. еуроға дейін ұлғайтпақшы. Бұл туралы Twitter-ге Еуропалық кеңестің төрағасы Херман Ван Ромпей жазды.
«ЕО Батыс Африкадағы Эболаға қарсы күрес үшін қаржылық көмекті 1 млрд. еуроға дейін көтереді», - деп жазлы Х.Ван Ромпей ЕО-ға мүше 28 елдің мемлекет және үкімет басшыларының саммиті барысында.
Осыған дейін Еурокомиссияның бұл мақсаттар үшін 180 млн. еуро бөлгені анықталды. Ал ЕО-ға мүше барлық мемлекеттердің үлесі шамамен 300 млн. еуроны құрады. Сонымен бірге ЕО Эбола вирусына қарсы вакцинаны жасап шығару үшін 24,4 млн. еуро бөлуге ниетті екенін мәлімдеді.