ЕО елдері банктерді реттеудің нормалары туралы келісті

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері еуропалық аумақтағы банктік секторды реттеу үшін бірыңғай ережелердің жиынтығы жөнінде келісті.

ЕО елдері банктерді реттеудің нормалары туралы келісті

Елдер мүшкіл жағдайдағы банктерді жабу құқына ие болатын жаңа қадағалау органын құру туралы келісті.

Осы арқылы Кипрде, Ирландияда және Испанияда секілді жергілікті банктер проблемасынан туындаған жаңа қаржы дағдарысының алдын алу мүмкін болмақ.

Министрлер жаңа органды қаржылындырудың тетігі жайында да мәмілеге келді.