ЕО елдері өздерінің Беларустағы Елшілерін қайтарып жатыр

Бұл туралы бүгін ЕО-ның шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.
«Бүгін мен Брюссельде біздің жауап ретіндегі әрекеттерімізді үйлестіру үшін ЕО-ға мүше елдердің елшілерін кеңеске шақырдым. Ынтымақтастық пен бірлік ретінде ЕО-ға мүше елдердің Минскідегі барлық елшілері кеңесу үшін ұлттық астаналарына қайтарылатыны шешілді», - деп атап өтілген еуропалық сыртқы саяси қызмет басшысының мәлімдемесінде.
Бұдан басқа, К.Эштон ЕО-ның барлық мүше мемлекеттері белорус елшілерін өздерінің Сыртқы істер министрліктеріне шақыртып алып, онда Еуроодақтың бұл мәселе бойынша ұстанымы түсіндірілетінін атап өтті. Бұл ретте Брюссель жағдайдың қалай дамитынын мұқият қадағалауын жалғастырады.
Атап өту керек, Еуроодақтың жаңа санкцияларына жауап ретінде ағымдағы жылдың 28 ақпанында Беларусь ЕО-дағы тұрақты өкілі мен Польшадағы елшісін шақыртып алды. Бұдан басқа, ЕО-ның Беларусьтегі өкілдігінің басшысы мен Польша елшісіне қысым көрсету және санкциялардың абырой бермейтіні туралы басшыларына белорусьтың берік ұстанымын жеткізіп, өздерінің астаналарына кеңесу үшін бару ұсынылған.