ЕО елдері ресейліктер үшін визалық режимді қатаңдатып жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер министрлері Мәскеумен визалық келісімді тоқтата тұруға келісті, бұл Ресей азаматтарының еуроаймаққа кіруін қиындатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

ЕО елдері ресейліктер үшін визалық режимді қатаңдатып жатыр

ЕО сыртқы саясат бөлімінің басшысы Жозеп Боррел Ресей азаматтарының шекарадан өту санының едәуір артуы келісімді тоқтата тұруды қажет еткенін айтты.

Бұл көрші Еуропа мемлекеттері үшін қауіпті деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, ЕО дипломатиясының басшысы көптеген ресейліктер Украинада шиеленіс болмағандай демалуға және сауда жасауға келіп жатқанын атап өтті.

Ресеймен шекаралас бес ЕО елі - Финляндия, Эстония, Латвия, Литва және Польша – ресейліктердің өз елдеріне кіруіне уақытша тыйым салатынын немесе шектеулер енгізетінін мәлімдеді.




Фото: reuters.com