ЕО-ға мүше 20 ел Еуропалық прокуратура құруды қолдады

Жаңа қадағалаушы орган аталған елдердегі қаржылық заңбұзушылықтарға қатысты тергеу жүргізіп, айып тағуға қауқарлы болады. Ал прокурорлар қажетті мәліметтерді алаяқтыққа қарсы күресетін Еуропалық бюродан ала алады.
Сондай-ақ жаңа агенттік қосымша құн салығына қатысты да заңбұзушылықтарды анықтайды. Кейінірек лаңкестікке қарсы тергеулер де жүргізуі мүмкін.
«Жалпы одақта жымқырылған қаражат пен сыбайлас жемқорлық мәселесі өршіп тұр. Мұндай қылмыспен күресу үшін арнайы жоспар құрдық. Бүгінгінің қылмыскерлері цифрлық технологияны меңгерген, сондықтан біз де прокурорларымызға цифрлық білім беруіміз қажет. Бұл ұйым ішінде де, халықаралық құқық қорғау органдарымен де өзара серіктестік орнатып, бірге жұмыс істеу жүйесі болмақ», - дейді ЕО әділет жөніндегі комиссары Вера Журова.