ЕО химиялық шабуылға байланысты 16 сириялыққа қарсы санкция жариялады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО Сыртқы істер кеңесі дүйсенбі күні санкциялық тізімге химиялық шабуыл ұйымдастырды деп айыпталған 16 сириялықты енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Еуропалық одақ тізімге тұрғындарға қарсы химиялық қаруды жасауға және оны қолдануға қатысқан 16 адамды қосты», - делінген ЕО Кеңесінің шешімінде.

Химиялық қаруды қолданған және таратқан адамдардың сегізі жоғары шенді әскери болса, қалған сегізі - ғалымдар. Осылайша, Сирия жөніндегі еуропалық санкция тізімінде 255 адам мен 67 заңды тұлға бар. 

Соңғы жаңалықтар