ЕО Қазақстанға ДСҰ мәселелері бойынша қолдауларын жалғастыра түсетін болады - Н. Жустен

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ЕО алдағы уақытта да Қазақстанға ДСҰ мәселелері бойынша қолдауларын жалғастыра түсетін болады. Бүгін Парламент Сенатында «Қазақстанның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары» атты тақырыбында өткен конференция барысында Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен мырза осылай мәлім етті,

 ЕО Қазақстанға ДСҰ мәселелері бойынша қолдауларын жалғастыра түсетін болады - Н. Жустен

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеден одағы аясындағы мәселелерге келетін болсақ, жалпы сыртқы тариф туралы ортақ түсінік қалыптасты. Осыған орай, қазақстандық тарифтің құрылымы өзгереді, сондықтан Қазақстанның Кеден одағы құрылғанға дейінгі тарифтеріне қарағанда жалпы сыртқы тарифі айтарлықтай жоғары болады. Бұл белгілі бір тауарларға баж салығы мен квоталардың көтерілітінін білдіреді. Әрине, бұл жағымсыз құбылыс. Бірақ, бірқатар тауарлар үшін де бұрынғыға қарағанда төменгі тарифтер қолданылуы мүмкін. Жалпы, бұндай тарифтік алшақтық 2015 жылға қарай оңтайлана бастайды деп болжанып отыр. Еуропалық Комиссия Кеден одағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіру орнын алмастыра алмайтындығы туралы мәлімдемесін қолдайды. Сондықтан да ЕО алдағы уақытта Қазақстанға ДСҰ мәселелері бойынша қолдауларын жалғастыратын болады», деді Н. Жустен.

Сонымен бірге, Өкілдік басшысы Қазақстан мен ЕО арасындағы ғылыми ынтымақтастық мәселелерін де қозғады. Оның айтуынша, ғылым саласындағы ынтымақтастық елдер арасындағы прогресстің негізі болып қала береді.