ЕО Қазақстанның су саласындағы ұлттық саясатын жүзеге асыруға 7 млн. еуро грант бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ Қазақстанның су саласындағы ұлттық саясатын жүзеге асыруға 7 млн. еуро грант бөледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

ЕО Қазақстанның су саласындағы ұлттық саясатын жүзеге асыруға 7 млн. еуро грант бөледі

«Қазіргі уақытта су мәселесі бойынша Қазақстан, ЭЫДҰ және Еуропалық экономикалық комиссия арасында үлкен бағдарлама жасалып отыр. Ол су саласындағы ұлттық саясат деп аталады. Аталған бағдарлама бойынша жұмыстарды біз бастағалы отырмыз. Бүгінде Еуропалық одақ осы бағдарламаға шамамен 7 млн. еуро грант бөлмекші», -  деді А.Мамытбеков.

Ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жоба аясында трансұлттық су ресурстарын басқару, су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттама енгізуге қолдау көрсету және өзендік бассейіндерді басқару үшін институттық негізді жақсарту жұмыстары жүргізілмек.