ЕО Кеңесі Грекия мен Италиядан 40 мың босқынды орналастыруға келісімін берді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақ елдерінің әділет және ішкі істер министрлері Грекия мен Италиядан 40 мың босқынды орналастыруға келісімін берді. Бұл туралы ЕО Кеңесі таратқан коммюникеде айтылған.

ЕО Кеңесі Грекия мен Италиядан 40 мың босқынды орналастыруға келісімін берді

«Мен Кеңестің бұл шешімді қпабылдағанына қуаныштымын. Бұл маңызды саяси қадам», - деді ЕО-да төрағалық ететін Люксембургтің ІІМ басшысы Жан Ассельборн.

Еске сала кетейік, Брюсельде ЕО-ның әділет және ішкі істер бойынша Кеңесінің шұғыл отырысы өтуде, онда Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер ұсынған кеңауқымды шаралар қаралуда. Саясаткер ұсыныстардың арасында - ЕО елдеріне Таяу Шығыс және Африка елдерінен жалпы көлемі 160 мың босқынды ЕО елдеріне орналастыру мәселесі де бар.