ЕО Кеңесі СІМ басшылары деңгейінде Беларуске қатысты санкция қабылдады

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - ЕО Кеңесі Сыртқы істер министрлігі басшылары деңгейінде Беларуске қатысты санкция енгізу жөнінде шешім қабылдады.

ЕО Кеңесі СІМ басшылары деңгейінде Беларуске қатысты санкция қабылдады

Бұл туралы дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлайды.

"Министрлер Белоруссияға қатысты санкция енгізу жөнінде келісімге қол жеткізді", - деп хабарлайды дипломат. Бұл туралы ресми мәлімдеме таяудағы сағаттарда жарияланады.

Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, санкция Беларустің 158 басшылық өкіліне ЕО-ға келуге тыйым салу туралы және еуропа банктерінде табылып жатса, олардың банкілік авуарларын тоқтату жөнінде шешім қабылдайды.

"Қара тізімді" Беларус Президенті Александр Лукашенко мен оның ер жеткен ұлдары - Виктор мен Дмитрий бастап тұр. Бұрынғы беларус шенеуніктерінен ЕО-ға кіру тек Сыртқы істер министрі Сергей Мартынов пен бірінші вице-премьер Владимир Семашкоға ғана ашық.