Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЕО Кеңесі Украинамен визасыз режим орнатуды қолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше мемлекеттердің елшілері ЕО Кеңесінің атынан Украина азаматтары үшін визаны алып тастау жөніндегі бастаманы мақұлдады. Бұл туралы Кеңестің сайтында жарияланған материалдан белгілі болды.

ЕО Кеңесі Украинамен визасыз режим орнатуды қолдады

РБК-ның хабарлауынша, Кеңес алдағы жарты жыл бойына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде 90 күнге дейін болатын украиналықтар үшін визасыз режим орнатуды қолдап отыр.

«Біз украиналық азаматтар үшін визасыз режим орнату қажет деген ұстанымымызға берік екендігімізді қалың көпшілікке паш еттік»,-деп түсіндірді аталмыш шешімді Ішкі істер министрі Мальта Кармело Абела.

Ол сонымен қатар Украина өкілдерінің визасыз режим орнату бағытында қажетті шарттардың барлығын орындағандығын атап өтті. Енді Украина азаматтары үшін визасыз режимді алып тастау жөніндегі шешімді Еуропарламент мақұлдауы керек. Осыған дейін, яғни, 28 ақпанда Еуропарламент пен Еуропалық Одақ өкілдері украиналықтар үшін визаны алып тастау жөнінде бейресми келісімге келген болатын. Украина президенті Петр Порошенко бұны Украина азаматтары ұзақ уақыт бойы күтіп отырған шешімге деген маңызды қадам екендігін атап өтті.

ЕО пен Украина арасында визасыз режим орнату жөніндегі келіссөздер 2008 жылдан бастап, жүзеге асырылып келеді. 20 ақпан күні Еуропалық комиссияның төрағасы Жан Клод Юнкер Киевте өткен брифинг барысында жазға дейін украиналық азаматтар үшін визаны алып тастауға уәде еткен болатын.