ЕО көшбасшылары G20 аясында Путинмен және Ердоғанмен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырған жоқ
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО көшбасшылары G20 аясында Путинмен және Ердоғанмен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы журналистерге Брюссельде еуропалық дипломатиялық дереккөз хабарлады.
«ЕО көшбасшыларының Ресей Президентімен екіжақты кездесуі жоспарланып отырған жоқ. Сонымен бірге Түркия Президентімен де кездесу жоспарланбаған», - деді ол.
Айта кетейік, G20 Саммиті 4-5 қыркүйек күндері Ханчжоу қаласында өтеді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G-20 Саммитіне қатыспақ.