ЕО Мавританияға заңсыз көші-қонмен күресу үшін миллиондаған еуро бөлді
АСТАНА. KAZINFORM – Брюссель адамдарды заңсыз тасымалдаумен күресу және заңсыз мигранттар ағынын тежеу үшін Мавританияға 210 млн еуро көлемінде көмек пакетін ұсынады, деп хабарлайды Еuronews.

Еуропалық Одақ Мавританияға 210 млн еуро көлемінде қаржы береді. Қаражат адамдарды заңсыз тасымалдауға қарсы күрес жүргізу және заңсыз мигранттар ағынын тежеуге жұмсалуы тиіс.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Брюссель ұстанымын білдіру үшін Мавритания астанасы Нуакшотқа келді. Онымен бірге көші-қон дағдарысына тап болған Испанияның премьер-министрі Педро Санчес келді.
"Біз демократиялық үкіметтердің ыдырауына, лаңкестік әрекеттердің көбеюіне, босқындар мен ішкі қоныс аударушылар санының артуына және азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысының онсыз да ауыр жағдайына куә болып отырмыз. Осы қиындықтарға төтеп беру үшін бірлесіп жұмыс істеп, кешенді стратегияның пайдалануымыз керек», - деді Педро Санчес.
Заңсыз көші-қонмен күрес Сахель аймағындағы қауіпсіздік мәселелерімен қиындатып тұр.
Нуакшот Малидегі қиын жағдайға байланысты мигранттар ағынымен бетпе-бет келіп отыр.
150 мың босқынды панасына алған Мавритания транзиттік аймақ және мигранттардың соңғы баратын жеріне айналып отыр.