ЕО-мен қауымдастық туралы келісім тиімсіз әрі қауіпті болды - Украина Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми Киев қол қоюдан бас тартқан Украинаның Еуроодақпен қауымдастық туралы келісімі тиімсіз әрі қауіпті болды. Бұл туралы украиналық «Интер» телеарнасына берген сұхбатында Украина Президенті Виктор Янукович мәлім етті.
«Біз байқаған қатерлер еліміздің ұлттық мүддесіне сәйкес келмеді», - деді Янукович. Оның сөзіне қарағанда, аталған келісім бекітілген жағдайда, біріншіден, украиналық экономиканың аграрлық секторы мен ауыл шаруашылығына зардабы тиер еді.
Януковичтің айтуынша, елдегі наразылық акцияларына ЕО-мен қауымдастықтың жай-жапсары туралы халықтың жеткіліксіз деңгейде ақпарат алуы себеп болды.
«Соңғы уақытта осы арман мен қиял адамдарды осы наразылыққа алып келді», - деді Президент.