ЕО-ның Ауғанстандағы жаңа арнайы өкілі тағайындалды
БРЮССЕЛЬ. 22 шілде. ҚазАқпарат - Еуроодақ елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында дат дипломаты Франц-Майкл Скьолд Меллбин (Franz-Michael Skjold Mellbin) ЕО-ның Ауғанстандағы жаңа арнайы өкілі қызметіне бекітілді.
Скьолд Меллбин міндеттеріне 1 қыркүйекте кіріседі және мандаты 30 маусымда аяқталған Литва СІМ бұрынғы басшысы Вигаудас Ушацкасты алмастырады.
Скьолд Меллбин бұрын Данияның Ауғанстандағы және Пәкістандағы арнайы өкілі қызметін атқарды, қазіргі кезде ол Дания СІМ мемлекеттік хатшысының жаһандық саясат және қауіпсіздік жөніндегі орынбасары.