ЕО-ның Жоғарғы өкілі Мысырдағы шиеленістің барлық тарабын ұстанымды болуға шақырды

БРЮССЕЛЬ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Мысырдағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдіре отырып, күш қолдануды сынға алды және шиеленістің барлық тарабын ұстанымды болуға шақырды, деп хабарлайды еуропалық шенеуніктің баспасөз қызметі.
None
None

«Мен сабырлылық пен ұстанымдылыққа шақырамын, сонымен қатар күш қолданылуын сынға аламын», - делінген К.Эштонның мәлімдемесінде.

К.Эштонның атап өткеніндей, уақытша билік өз халқының талаптарына құлақ асып, оның демократиялық талпынысын қорғауы керек.

Соңғы жаңалықтар