ЕО саммиті қарсаңында мұнай бағасы көтерілуде
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 24 қазанда өткен сауда қорытындысы бойынша сәрсенбі, 26 қазанда өтетін ЕО басшылары саммитінде еуроаймақты дағдарыстан құтқару бойынша нақты шешімдерді күту қарсаңында мұнай бағасы көтерілу үстінде.
Brent мұнайының ресми бағасы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауар биржасында 2011 жылы 24 қазанда өткен сауда қорытындысы бойынша 1,89 долларға көтеріліп, барелліне 111,45 долларды құрады.
WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел сауда биржасында 2011 жылдың 24 қазанындағы сауда қорытындысына сәйкес 3,87 долларға көтеріліп, барреліне 91,27 долларды құрды, деп жазады РБК.