ЕО Сербияға 20 млн еуро көлемінде көмек көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел астанасы Белградта ЕО делегациясының басшысы Майкл Девенпорт Сербияға өткен жылы мамырда елдің су тасқынынан зардап шеккен аумағын қалпына келтіру үшін 198 млн еуро көмек көрсететінін мәлімдеді.
Бұл туралы ТАНЮГ агенттігі хабарлады.
М. Девенпорт атап өткендей, ЕО бұдан бұрын Сербияға апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге өзінің арнайы қорынан 60 млн еуро бөлуді шешкен болатын. Статистикаға сәйкес, 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін ЕО Сербияға көмек ретінде жалпы 3 млрд еуро бөлген.
Оның айтуынша, биыл ЕО-ға Сербияның кіруі мәселесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі басталмақ.
Сербияның 2009 жылы желтоқсанда ЕО-ға кіруге өтінім бергенін атап өткен жөн. Ал 2014 жылғы қаңтарда Сербияның ЕО-ға қосылуы мәселесі бойынша келіссөздер басталды.