ЕО Сирия бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қолдайды

БРЮССЕЛЬ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Еуроодақ Сирия бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған - атысты тоқтату бойынша тараптардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізу үшін осы елге халықаралық 30 бақылаушыны жіберуді көздейтін жаңа қарарын қолдайды.

ЕО Сирия бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қолдайды

Мұндай мәлімдемені Еуроодақтың сыртқыістер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон жасады, деп хабарланды еуропалық шенеуніктің баспасөз қызметінен.

«Мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бірауыздан мақұлданған қарарын қолдаймын, Бұл БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының арнайы өкілі Кофи Аннан жасаған  жоспарының 6 тармағы бойынша істің іске асуына бағытталған дұрыс қадам», - деді К.Эштон.

Еуропалық дипломатиялық қызмет басшысының пікірінше, егер де жергілікті жерлерде жағдай аса тұрақсыз және түсініксіз болып қала берсе, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары Сириядағы БҰҰ-ның бақылаушыларына толыққанды миссияны жүзеге асыруға жол ашатын болады.

«Қарар халықаралық қауымдастықтың Сирия басшылығын азаматтық қоғамға қарсы зомбылықты тоқтатуға және гуманитарлық шұғыл қажеттіліктерді шешуге шақыратын кесімді үндеу. Мен сирия үкіметін бағытты өзгертіп, бастауыш топтың бақылаушыларымен толығымен ынтымақтасу үшін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын»,  - делінген К. Эштонның мәлімдемесінде.

Қабылданған қарар Сирияға 30 бақылаушыдан құрылған озық топты жөнелтуді қарастырады. Әрі қарай миссияның құрамы 250 адамға дейін кеңейтілуі мүмкін. Қарарда сириялық билік бақылаушылардың ел бойынша еш кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуі тиістігін аталып өткен. Онымен бірге, құжатта сирия билігіне қаратып айтылған қалалар мен елді мекендерден барлық әскерлерді шығару үндеуі бар. Егерде Сирия осы талаптарды орындамаса, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қажеттілік туындаған жағдайда, одан арғы іс-қимылдарды талқылайтын болады.