ЕО Сирияға қарсы жаңа санкциялар пакетін қабылдады

БРЮССЕЛЬ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельде Еуроодаққа мүше 27 елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Сирияға қарсы жаңа 15-інші сакциялар пакетін қабылдады, деп хабарланды ЕО Кеңесінің баспасөз қызсметінен.
None
None

Санкциялар еуропалық активтерді тоқтатуды жәнепрезидент Башар Асадтың режімін қаржыландырды деп күдік келтіріліп отырған екі компания мен үш сириялық азаматтың біріккен Еуропа аумағына кіруіне тыйым салуды қарастырады.

«Санкциялар қабылданды, олар күшіне сейсенбі күні енеді», - делінген Сирия бойынша ЕО Кеңесінің таратқан ақпаратында.

Бүгінгі күні Сирия үшін ЕО-ның «қара тізіміне» президент Башар Асад пен оның отбасы мүшелерін, сириялық шенеуніктер мен бизнесмендерді қоса алғанда, барлығы 126 адам кіріп отыр. Олардың барлығына Еуропа аумағына кіруге тыйым салынды, олардың банктардағы қазыналары тоқтатылды. Еуропалық бизнеске сириялық режімге жақын 40-қа жуық ұйыммен байланысуға тыйым салынды, оның ішінде елдің ұлттық әуекомпаниясы, орталық банкі және бірқатар экспорттық компаниялар бар.  Бұған дейін Еуроодақ Сирияның қаруын, мұнайын және мұнай өнімдерін сатуға тыйым салған  болатын.

Соңғы жаңалықтар