ЕО сыртқы саясатының басшысы Газа секторындағы шығын көлемін атады
АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторында Израильдің ХАМАС лаңкестік тобымен соғысы кезінде азаматтық инфрақұрылымның шамамен 35% қираған. 60%-дан астамы зақымдалған. Алдын ала мәлімет бойынша, материалдық шығын ондаған миллиард долларды құрайды. Бұл туралы Еуропарламенттің Страсбургте өткен отырысында Еуроодақ Сыртқы істер министрі Жозеп Боррел мәлімдеді, деп хабарлайды Еuronews.
«Газа секторындағы қалалар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияға қарағанда көбірек зардап шекті, бұл салыстыруды елестетіп көріңізші. Жақында Дүниежүзілік банк пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен келтірілген шығынды аралық бағалауы тікелей шығын шамамен 90 млрд долларға бағалады», - деді Жозеп Боррель.
Анклавтағы гуманитарлық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің бас комиссары БАПОР-ды қаржыландыруды тоқтатқан елдер ұйыммен серіктестікті қалпына келтіреді деген үміт білдірді. Бірнеше ай бұрын Израиль БАПОР-дың кейбір қызметкерлерінің лаңкестік топтармен байланысы бар екенін мәлімдеді. Бір күн бұрын тәуелсіз сарапшылар тобы БАПОР жұмысын тексеру туралы қорытынды есебін жариялады. Онда Израиль өз айыптарын дәлелмен растамағанын айтады.