ЕО үлкен плазмалық теледидарларға тыйым салуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель климаттың өзгеруімен және энергия тұтынудың өсуімен күреске бағытталған заң жобасын қарауда. Еуропалық комиссия 1 қыркүйектен бастап жоғары қуатты шаңсорғыштарды сатуға тыйым салды, кезекте - кеңэкранды плазмалық теледидарлар тұр, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Еуропалық одақта жыл сайын 65 миллион теледидар сатып алады. Жоспардың жақтаушылары жаңа шаралар ЕО-дағы тұтынушылардың 8 миллиард еуро есепшоттар төлемін үнемдеуіне мүмкіндік мүмкіндік береді, деген уәж айтады, ал 2030 жылға қарай бұл сома 13 миллиард еуроға жетпек.

«Егер үлкен мөлшерлі теледидарларға шектеу қою туралы бастамалар пайда болса және бұл бастамаларды заңдастыруға және адамдар өміріне енгізуге тырысатын болса, бұл енді асыра сілтеу», деп мәлімдеді «Германия үшін балама» саяси партиясының өкілі Джон Хартман.

Шектеулер 2016 жылдың өзінде енгізілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар