2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

ЕО Армения импортына кедендік салықтарды уақытша тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропа Одағы Армения экономикасына қолдау көрсету үшін осы елден импортталатын тауарларға салынатын кеден салықтарын уақытша алып тастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

ЕО Армения импортына кедендік салықтарды уақытша тоқтатады
Фото: БТА

ЕО Кеңесі Одаққа мүше мемлекеттердің Армения өнімдерінің саудасын ырықтандыруға арналған уақытша шараларды ресми түрде мақұлдағанын хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, жаңа шаралар Арменияның ЕО-ға экспорттайтын тауарларының шамамен 80%-ын қазіргі сауда шектеулерінен босатады. Бірқатар тауарларды, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға салынатын кедендік баждар екі жыл мерзімге тоқтатылады.

ЕО Кеңесі уақытша шаралар Армениядан Еуропа Одағына сауда ағындарын қолдауға және арттыруға арналғанын атап өтті. Сонымен қатар, егер Армения өнімдерін импорттау ЕО өндірушілеріне теріс әсер ете бастаса, Брюссель Одақ нарығы үшін қорғаныс шараларын қабылдай алады.

Бұрын Еуропа Парламенті бекіткен ережені ЕО Кеңесі қабылдап, заңнамалық процедураны аяқтаған.

Құжат ЕО-ның ресми журналында жарияланғаннан күннің ертеңіне күшіне енеді және екі жыл бойы күшінде болады.

Еуропа Комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен бұған дейін ЕО Армения экспортының шамамен 80%-ын кедендік баждан босату мүмкіндігін беруді көздеп отырғанын мәлімдеген болатын. Ол бұл шараларды Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуден кейін жариялаған.